М.Дж. Минглибаев 1954 жылы 14 желтоқсанда Түркістан облысында (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) дүниеге келген. М.Дж. Минглибаев 1976 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің механика және қолданбалы математика факультетін "механика" мамандығы бойынша аяқтаған. ҚР Ғылым Академиясының жүйесінде және әртүрлі мемлекеттік және жеке мекемелерде жұмыс атқарған. 1989 жылы ҚазМУ – да "01.02.01-Теориялық механика" мамандығы бойынша " Аспан механикасының айнымалы массалы денелерінің модельдік есептері" тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 2006 жылдың желтоқсанында ол физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін "01.03.01–астрометрия және аспан механикасы" мамандығы бойынша "Массалары мен өлшемдері айнымалы гравитациялаушы денелердің ілгерілемелі – айналмалы қозғалысының аналитикалық динамикасы" тақырыбында, "аспан механикасы" бөлімі бойынша диссертациясын сәтті қорғады. Қазақстан Республикасының түрлі жоғары оқу орындарында және ғылыми-зерттеу мекемелерінде жұмыс атқарды. 2010 ж. сәуірде "01.02.00 - механика" мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын, ал 2011 ж. желтоқсанда сол мамандық бойынша профессор ғылыми атағын алды. 2014 жылы университеттің дамуына қосқан үлесі үшін "әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне 80 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған. 2021 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. 2024 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ғылымға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталған. М.Дж. Минглибаев 01.09.2008 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінің механика кафедрасының профессоры лауазымында жұмыс атқарады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1976

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
28.06.2007

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
23.04.2010
профессор
01.01.2001
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

23

Цитирования
78 по 30

құжаттар

h-индексі

6